Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “№ 2 қалалық емхана” ШЖҚ МКК сайтына қош келдіңіздер!

Біз Сіздерді,  Нұр-Сұлтан қаласының медициналық кәсіпорны – “№ 2 қалалық емхананың” ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Сізді, біздің сайтқа не әкелгеніне қарамастан – өз денсаулығыңыз туралы саналы қамқорлық немесе қарапайым қызығушылық: кез келген жағдайда сіз біздің порталдан өзіңіз және өз жақындарыңыз үшін маңызды және пайдалы ақпаратты таба аласыз. Орталықтың түрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі мүмкіндіктері, медициналық көмек көрсетудің түрлері мен шарттары туралы біле аласыз, дәрігердің қабылдау кестесін нақтылап, заманауи алдын алу медицинаның жетістіктерін біле аласыз. Біздің сайтта “№ 2 қалалық емхананың” мамандарына хабарласып,  Сізді толғандырған сұрақтарға жауап аласыз және денсаулығыңызға байланысты мәселелерді шешесіз; қызықты пікірлер  және нақты ұсыныстармен бөлісесіз деп үміттенемін.

Есіңізде болсын! Денсаулық-бұл сіздің әл-ауқатыңыздың негізі!

Біздің емханамыздың жоғары білікті мамандары Сізге оны нығайтуға әрдайым көмектесуге дайын!

Барлық ұжым атынан Сіздерге бақыт пен зор денсаулық тілеймін!

Біз Сіздер үшін әрқашан ашықпыз!

Бас дәрігер Руспекова Лаззат Асыгатовна

Интернет өтініш нысаны

https://www.2-emhana.kz/kak-prikrepitsya-k-poliklinike/